Обложка: Жалған жұмақ
Научная фантастика

Жалған жұмақ

У этой истории ещё нет рейтинга.Ваша оценка станет первой!
Завершен
5 мин

Автор истории

О чем история

"Кей кезде жан жақтағы тіршіліктің бәрі жалған сияқты көрінбейді ме? Ал Жанатқа барлығы шынайы сияқты болған. Туып өскен жері өз көзінде ғана жақсы көрінсе не істемек? Бұл оқиға 13 жасар бала туралы. Есімі Жанат. Анасының айтуынша жұмақ деген мағына береді"

Теперь истории можно искать по тегам. Попробуйте!

Оның есімі Жанат . Анасының айтуы бойынша жұмақ деген мағына береді. Ол тек осы жерде туып, осы жерде ата анасымен тұратынын біледі. Қызық. Басқа еш нәрсе есінде жоқ. Досы Арнатттың айтуынша барлығы бұл жерге осылай келеді.

Оны және Арнаттты қосқанда екеуі ғана кәмелетке толмаған балалар. Ал қалғандары ересектер.

Бұл жерді айтсаң √36 шы қалашық деп атайды. Кім атау қойғаны белгісіз. Әйтеуір осылай қалыптасып кеткен. Тұрғындар егінмен, мал шаруашылығымен айналысады.

Бүгінде қалашық тағы өмір қызу жүріп жатты. Ағина мен Назерке қазанға ыстық нан пісіруде. Ал Айдос мал соңында. Нағима апа болса ұзақ жолға кетті. Барлық тұрғындар кеше түнде шамшырақтар ұстап, әжейді шығарып салды. Жанат қайда деп сұрағанда. Әкесі еш түсініксіз бір сөз айтты:

-Ұзақ жолға.

Бәлкім "Ұзақ жол" деген бұданда жақсы жер шығар. Жанат еш ұғымды жауап алмайтынын түсініп, басқа сұрақ қоймады.

Бүгін ол күндегідей өзі танитын тұрғындарға сәлем беріп шықты. Әкесінің дүкеніне келіп "√5 қалашықтан" әкелінген заттарды орын орнына қоюға көмектесті. Сосын сарайдағы ескі велосипедін алып, Арнатпен ойнауға кетті.
Күн шуағына бүгін ерекше жарық еді.

Алыстан екі қабатты үйдің баспалдағына түсіп келе жатқан Арнаттты байқады. Қолын жоғары көтеріп бұлғады. Досы асыға түсіп , үй жанындағы велигіне мініп келе жатты.

-Бүгін 5-ші қалашықтан не келді?

Арнат қолындағы тасты балшыққа лақтырды. Оның қойған сұрағына күдікті ештеңе жоқ. Жанат көз қиығымен досының түріне көз салды, ол да балшыққа тас лақтырды.

Екеуі әдеттегі уақыт өткізетін жері "Балшықты көлдің" жағасында отырды. Қызыл шөпке жайғасып ұсақ тастарды балшыққа лақтырды.

-Сол баяғы су, пакет оралған дәрілер- деді Жанат ұзақ уақыттан кейін. Күнде Арнатттаг бір сұрақ алып , күнде дәл солай жауап беретін

-Демек ештеңе өзгермеді - деп күрсінді Арнат. Балшыққа лақтырған тасын әдеттегіден ұзағырақ барып құлады. Нақты не өзгеруі керегін Жанат білмеді. Арнатттаг сұрағанда ол " Өмір қызықсыз болып кетті, бір нәрсе өзгерсе қызық болады" деген жауап берді.

-Бізде неге су жоқ?

-Айттым ғой, су тек 5-ші қалашықтан ғана

Күндегі сұрақ, күндегі жауап.
Шынымен іш пыстырарлық өмір. Жанаттың әкесі ғана 5-ші қалашыққа апарар жолды біледі. Жанат бірнеше рет бірге баруға тырысқан. Бірақ әкесі түбегейлі қарсы. Жол ауыр, қауіпті, азық жеткіліксіз. Басқада сылтаулар.

Понравилась история? Поделитесь впечатлением!

Так сообщество узнает, что действительно стоит прочесть.

***

Комментарии (0)

Войдите, чтобы оставить комментарий