Глава 2 из 3

2 бөлім: Бостандыққа бастар соқпақ жол.

Ол оқуын аяқтап, ақ армандармен отау тіккенде, өзінің тағдыр жазған «қайталану» сценарийіне тап болғанын сезбеді. Тұрмысқа шыққан алғашқы жылдардан-ақ күйеуінің ішімдікке құмарлығы бой көрсете бастады. Ол үйдегі әрбір түн - сынақ, әрбір таң - үрейге толы еді. Күйеуі ішімдіктің буымен келгенде, үйдің іші қайтадан ата-анасының үйіндегідей суық аязға айналатын. Бұл жолы ол ана емес, жары еді, бірақ өзінің әлсіздігінен, бойындағы «мен бұған лайықпын» деген сол бір баяғы жасырын установканың кесірінен бәріне төзді.


Арада 12 жыл өтті. Бұл жылдар ішінде ол өміріне 5 перзент сыйлады - 3 қыз, 2 ұл. Олардың күлкісі мен жылауы ғана оны осы өмірге байлап тұрған жіптей еді. Күйеуі болса, жауапкершіліктің бәрін әйелінің нәзік иығына артып қойды. Үйдің қамы, балалардың киімі, азық-түлік, мектептегі мұғалімдік жұмыс - бәрі оның мойнында. Шаршағаннан емес, рухани тұрғыдан қажығаннан, ол күндердің бірінде айнаға ұзақ қарады. Айнадағы әйел - әлі де сол, 7 жасындағы өзін «ұсқынсыз» деп санаған қыз еді. Бірақ бұл жолы оның көзінде қорқынышпен қатар, бір суық батылдық пайда болды.


Бір күні күйеуінің қол көтерген сәтінде, ол өз ішіндегі үнсіздіктің бұзылғанын сезді. Қорқыныш орнын «Мен осыны қалаймын ба? Балаларымның тағдыры не болады?» деген ойлар басты. Ол асырап отырған асыраушы емес, керісінше, оның өмірін улап жатқан батпаққа батқанын анық түсінді. Сол сәтте оның санасында мыңдаған «неге» деген сұрақтардың жауабы табыла бастады: «Анамның да, әкемнің де, тіпті өзімнің де трагедиям - өзімді қабылдамауымда екен».


Ол түнде балаларын құшақтап, ұзақ жылады. Бірақ бұл жолы бұл - аянышты жас емес, жаңа өмірге деген қоштасудың жасы еді. Ертеңінде таң ата, ол балаларын алып, төркініне қарай бет алды. Анасының табалдырығын аттағанда, ол анасына бәрін ашық айтты: «Мен ары қарай шыдай алмаймын. Мен өз өмірімді, өз бақытымды тапқым келеді».


Анасының жауабы қысқа әрі кесіп айтылғандай болды: «Егер қайтадан сол батпаққа оралатын болсаң, маған келме. Бірақ, егер балаларыңды асырап, өз жолыңды табамын десең, мен жаныңдамын».


Бұл - оның өміріндегі ең маңызды таңдау болды. Ол күйеу деген «есімді» өмірінен сызып тастады. Бастапқы 2-3 ай, балаларын төркініне қалдырып, қалаға кетті.

Комментарии (0)

Войдите, чтобы оставить комментарий